logo

Қазақстан бәйге федерациясы жылды қорытындылады

Қазақстан бәйге федерациясы жылды қорытындылады

Қазақстан бәйге федерациясы арнай іс-шара барысында өткен жылды қорытындылап, бәйге түрлері бойынша үздік спортшыларды атап өтті.

Аяқталғалы тұрған жылы бәйгеден Қазақстан чемпионаты еліміздің 7 қаласында өтіп, мыңдаған қатысушыларды қамтыды. 

Sport Plus Qazaqstan телеарнасы алғашқы жылында Қазақстанда бәйгені дамытуға және танымал етуге өзінің кішігірім үлесін қосты. 

2024 жылы біздің арна еліміздің түкпір-түкпірінен байгеден Қазақстан чемпионатын тұрақты түрде көрсетіп, көрермендерге дүбірлі додаларды тікелей эфирлерді тамашалауға және жарыстың жарқын сәттерін бақылауға мүмкіндік жасады. 

Sport Plus Qazaqstan телеарнасы Қазақстан байге федерациясының атқарған жұмысын, сондай-ақ арнамен бірлескен жобаларын жоғары бағалайды. Байге Федерациясы қызметкерлерінің атқарған жұмысының жемісі - таңдалған жолдың дұрыстығының белгісі.

Sport Plus Qazaqstan телеарнасы Қазақстан байге федерациясымен ынтымақтастықты мақтан тұтып, аталмыш қарым-қатынасты осы ұлттық спорт түрін танымал ету және дамыту жолындағы маңызды қадам деп санайды.



Күн шежіресі