logo

«Қайсар» капитаны мансабын «Тұранда» жалғастырады

«Қайсар» капитаны мансабын «Тұранда» жалғастырады

Түркістандық «Тұран» клубы 32 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы Думан Нәрзілдаевпен келісімшартқа отырғанын жариялады, деп хабарлайды Sport+ клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Футболшы Қызылорда футбол мектебінің түлегі болып табылады және кәсіби мансабын 2012 жылы «Қайсар» құрамында бастаған. Әр жылдары ол Қазақстанның бірқатар клубтарында өнер көрсетіп, «Ордабасы» сапында Қазақстан чемпионы атанған.

Қазақстан Премьер-лигасының ағымдағы маусымын Нәрзілдаев «Қайсар» сапында бастап, үш матчқа қатысып, алаңда 25 минут өткізді.

Жалпы мансабында жартылай қорғаушы 272 матч өткізіп, 14 гол соғып, 21 нәтижелі пас берген.



Күн шежіресі