Қайрат Боранбаев: «Андерлехтпен» болған матчтар бізге қандай жылдамдық пен ойын сапасына әлі де бейімделуіміз қажет екенін көрсетті

Қайрат Боранбаев: «Андерлехтпен» болған матчтар бізге қандай жылдамдық пен ойын сапасына әлі де бейімделуіміз қажет екенін көрсетті

«Қайрат» футбол клубының басшысы Қайрат Боранбаев әлеуметтік желідегі парақшасында УЕФА Конференциялар лигасының жалпы кезеңіне жеребе тарту қорытындысына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sport+.

«Үлкен еуропалық футболдың күзі қайтадан «Орталық» стадионына оралады! «Қайрат» екінші маусым қатарынан Қазақстан атынан еурокубоктардың негізгі кезеңінде өнер көрсетеді. Қазір барлық ойымыз Конференциялар лигасына бағытталған. Күрделі іріктеу кезеңі артта қалды, одан маңызды тәжірибе жинадық. «Андерлехтпен» болған матчтар бізге қандай жылдамдық пен ойын сапасына әлі де бейімделуіміз қажет екенін көрсетті. Біз бұл тәжірибені қабылдап, қорытынды шығарып, алға жылжимыз.

Биыл УЕФА регламентке өзгеріс енгізді. Бірыңғай кестесі бар жаңа формат қарсыластардың ерекше әртүрлілігін ұсынады. Бір турнир аясында мүлдем әртүрлі футбол мектептерінің өкілдерімен кездесудің өзі клубымыз үшін аса құнды тәжірибе. Оның үстіне, жеребеміз шынымен де мәртебелі болды. Бізді А Серия көшбасшыларының бірі әрі жуырдағы Еуропа лигасының жеңімпазы атанған италиялық «Аталантаға» қарсы күрделі сынақ күтіп тұр. Сондай-ақ сырт алаңда қарқынды голландиялық футболдың өкілі «Твентеге» қарсы ойында өз мүмкіндігімізді тексереміз. Алматыда біз грек футболының флагманы «Панатинаикосты», сондай-ақ Еуропаның басқа да мықты клубтарын қабылдаймыз.

Мен үшін бұл матчтардың құндылығы тек турнирлік ұпайлармен өлшенбейді. Еурокубоктарға тұрақты түрде қатысу бізден үнемі дамуды талап етеді. Осындай еуропалық брендтерге қарсы ойындар — команданың дамуы мен Еуропадағы мәртебесін нығайтуы үшін қажет футбол деңгейі. Ал алматылық жанкүйерлер үшін бұл — туған стадионында үлкен футболды тамашалауға лайықты мүмкіндік. Біз клубтың күнделікті жұмысын дәл осы мақсатта құрып келеміз.

Алда қиын, бірақ қызықты күз күтіп тұр. Дайындаламыз!»



Күн шежіресі