«Қайрат» бас бапкерінің қызметінен кеткенін жариялады

МФК «Қайрат» бас бапкер Марлон Веласконың клуб тізгінін тапсыратынын ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды Sport+.
Бразилиялық маман 2023 жылдың тамыз айынан бері командамен жұмыс істеп, осы уақыт ішінде Қазақстан Суперкубогы мен Кубогын жеңіп алды, сондай-ақ 2025 жылғы УЕФА Чемпиондар лигасында күміс жүлдегер атанды.