ПСЖ Кубоктың басты сенсациясымен кездеседі. «Дюнкерк» – ПСЖ матчының тікелей эфирі

Лига 2-нің ортаңқол командасы «Дюнкерк» Франция кубогының басты сенсациясына айналды. Олар Лига 1-дің үш клубын — «Брест», «Лилль» және «Осерді» жарыстан шығарып, енді финал жолында ПСЖ-мен кездеседі.
Матч турнирдің жартылай финалы аясында өтеді.
Париждіктер ішкі аренада үстемдік етуде — олар Лига 1-де көш бастап тұр және Франция кубогының қазіргі иегері атағын қорғауға ұмтылуда.
Луис Энрикенің шәкірттері ішкі турнирлерде 10 матчтық жеңіс сериясын жалғастырып келеді және бұл нәтижені одан әрі арттыруға бел буған.
Хвича мен команда өз сериясын жалғастырып, финалға өте ала ма — мұны 1 сәуірден 2 сәуірге қараған түні, сағат 00:10–да білеміз.
Тікелей эфир sportplustv.kz сайтында қолжетімді.