Ненад Эрич Сербия құрамасының жаттықтырушылар штабына қосылды

Ненад Эрич Сербия құрамасының жаттықтырушылар штабына қосылды

Қазақстан құрамасының, «Астана» және «Қайрат» клубтарының бұрынғы қақпашысы Ненад Эрич Сербияның 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасының жаттықтырушылар штабына қосылды, деп хабарлайды Sport+.

Жасөспірімдер құрамасы ЕУРО іріктеу кезеңін Нидерланд құрамасын 1:0 есебімен сенсациялық жеңіспен бастады. Сербия мен Нидерландтан бөлек, бұл топта турнир иелері Португалия және Венгрия құрамалары да бар.

Сербияның 17 жасқа дейінгі құрамасының бас бапкері — Радослав Батак.



Күн шежіресі