logo

Белгілі футболшы «Оқжетпес» клубында қызметке тағайындалды

Белгілі футболшы «Оқжетпес» клубында қызметке тағайындалды

Көкшетаулық «Оқжетпес» клубы қазақстандық маман Мұрат Тлешевтің уақытша директор қызметіне тағайындалғанын ресми түрде хабарлады, деп жазады Sport+.

Мұрат Тлешев – жамбыл футбол мектебінің түлегі. Футболшы ретінде Қазақстанның 9 клубында өнер көрсеткен. Үш рет ел чемпионы атанып, жоғары дивизионның үздік сұрмергені болған.

Ойыншылық мансабын аяқтаған соң, еңбек жолын Қазақстан футбол федерациясында бастаған. Сондай-ақ, «Шахтер», «Астана» және «Тұран» клубтарында спорт директоры қызметін атқарған.



Күн шежіресі
1 г. 5 м. 27 д. 11 ч. 57.995 с.