Михаил Шайдоров пен Диас Жиренбаевтың қысқа бағдарламадағы нәтижелері

Михаил Шайдоров пен Диас Жиренбаевтың қысқа бағдарламадағы нәтижелері

2025 жылғы Азия ойындары аясында Харбинде (Қытай) ерлер арасындағы мәнерлеп сырғанаудан қысқа бағдарлама жарысы аяқталды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Михаил Шайдоров 76,65 ұпай жинап, аралық төртінші орынға жайғасты. Ал Диас Жиренбаев 65,56 ұпаймен сегізінші орын алды.

Қысқа бағдарламадан кейін жапониялық Юма Кагияма көш бастады — 103,81 ұпай. Одан кейін Оңтүстік Корея өкілі Ча Джун Хван, ал үздік үштікті қытайлық Дайвей Дай (82,89) түйіндеді.

Еркін бағдарлама 13 ақпанда өтеді.



Күн шежіресі