Михаил Шайдоров Гран-при финалының қысқа бағдарламасында алтыншы орынға ие болды
Нагоя (Жапония) қаласында мәнерлеп сырғанаудан Гран-при сериясының финалдық кезеңі басталды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Байрақты бәсекеге Қазақстан атынан Михаил Шайдоров қатысып жатыр.
Қысқа бағдарламада отандасымыз бірнеше қателікке жол беріп, 71.30 ұпай жинады. Осылайша ол аралық есепте алтыншы орында тұр.
Жарыстың көшбасшысы — жапониялық Юма Кагияма (108.77). Екінші орында — Шун Сато (Жапония) — 98.06. Үшінші орынға АҚШ спортшысы Илья Малинин (94.05) жайғасты.
Айта кетейік, ерлер арасындағы еркін бағдарлама 6 желтоқсанда өтеді.