logo

Мариан Журавлева джиу-джитсудан Ислам ынтымақтастығы ойындарының алтын медалін жеңіп алды

Мариан Журавлева джиу-джитсудан Ислам ынтымақтастығы ойындарының алтын медалін жеңіп алды

Джиу-джитсудан Қазақстан құрамасының өкілі Мариан Журавлева Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарының жеңімпазы атанды,  деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық спортшы 70 келіге дейінгі салмақта топ жарды.

Бұл салмақта турнир айналмалы жүйе бойынша өтті. Журавлева үш кездесудің үшеуінде де жеңіске жетті.

Ол марокколық Ясмин Арбибтен, палестиналық Дания Убайдтан және ирандық Хасти Хаммудиден басым түсті.