Кенжебек Кипр чемпионатында голмен көзге түсті

Кипр Екінші дивизионының 15-турында «Акритас Хлоракас» өз алаңында «МЕАП» командасын 2:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды Sport+.
Қазіргі таңда қазақстандық шабуылшы Ғалымжан Кенжебек ойнайтын команда Кипр чемпионаты Екінші дивизионының турнирлік кестесінде үшінші орында тұр.