logo

Камару Усман: Шавкат Рахмоновқа қарсы шығуға дайынмын

Камару Усман: Шавкат Рахмоновқа қарсы шығуға дайынмын

UFC-дің бұрынғы чемпионы Камару Усман қазақстандық Шавкат Рахмоновпен жекпе-жек туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

«Маған октагонда қарсыласымның кім екені маңызды емес. Шавкат Рахмонов болсын, Леон Эдвардс немесе Белал Мұхаммед болсын, бәрібір», — деді Усман.

Өткен жылы қазан айында Усман Хамзат Чимаевтан төрешілердің шешімімен жеңіліп қалды. Ал Рахмонов өткен жылдың желтоқсанында Стивен Томпсонмен октагонға шығып, екінші раундта артынан тұншықтыру әдісімен жеңіске жеткен еді.



Күн шежіресі