logo

Ислам Чесноков Шотландия чемпионатына ауысуы мүмкін

Ислам Чесноков Шотландия чемпионатына ауысуы мүмкін

Футболдан Қазақстан құрамасының шабуылшысы Ислам Чесноковқа Шотландия Премьер-Лигасының клубы «Хартс» тарапынан қызығушылық бар, деп хабарлайды Sport+ Edinburgh News сайтына сілтеме жасап.

«Қазіргі уақытта біз шешім қабылдау процесіндеміз, өйткені бізде көптеген ұсыныстар бар. Ислам — Қазақстанның ең дарынды ойыншыларының бірі және біз трансферлік терезе ашылған кезде оның дамуындағы келесі қадамдармен жұмыс істеп жатырмыз. „Хартс“ аталмыш футболшыға қызығушылық танытуда, біз олармен байланыстамыз», — деді Чесноковтың агенті Ярослав Зварич.

Қазіргі уақытта Чесноков «Тобыл» командасымен Түркиядағы оқу-жаттығу жиындарында.