Ильфат Абдуллин садақ атудан Словениядағы турнирдің жеңімпазы атанды
Қазақстандық садақшы Ильфат Абдуллин Словенияның Камник қаласында өтіп жатқан Veronica’s Cup халықаралық турнирінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Ол классикалық садақ атудан жекелей сында финалға дейін жетті.
Шешуші кездесуде Абдуллин үндістандық Сачин Гуптаны 6:4 есебімен жеңіп, жеңімпаз атанды.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы блоктық садақ атудан әйелдер арасындағы командалық сайыста қола медаль иеленді.
Бұл сында ел намысын Адель Жексенбинова, Роксана Юнусова және Виктория Лян қорғады.