logo

Қазақстандық садақшылар Азия Кубогында тағы екі жүлде еншіледі

Қазақстандық садақшылар Азия Кубогында тағы екі жүлде еншіледі

Қазақстан құрамасы садақ атудан Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан Азия кубогының бірінші кезеңінде тағы үш жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Классикалық садақ атудан ерлер құрамасы алтын медаль иеленді. Финалда Ильфат Абдуллин, Дәулеткелді Жаңбырбай және Дастан Кәрімов Үндістан командасын 5:4 есебімен жеңді.

Бұл бағдарламада әйелдер құрамасы да жеңіске жетті. Александра Землянова, Самира Жұмағұлова және Диана Тұрсынбек финалда Қытай құрамасынан 6:2 есебімен басым түсті.

Сонымен қатар, блоктық садақ атудан аралас командалық жарыста Виктория Лян мен Бунед Мирзаметов Сингапур спортшыларын 152:151 есебімен ұтып, қола жүлдегер атанды.

Айта кетейік, бұған дейін блоктық садақ атудан әйелдер құрамасы - Виктория Лян, Роксана Юнусова және Диана Юнусова Азия кубогының осы кезеңінде алтын медаль жеңіп алған болатын.



Күн шежіресі