Грузиялық спортшылар Ұлы даладағы кездесуге жол тартты
Грузия спортшылары командасын 8-13 қыркүйек аралығында Астанада өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Барлығы 24 спортшыдан тұратын Грузия құрамасы қазақ күресі, мас-рестлинг, тоғызқұмалақ, құсбегілік және асық ату сияқты спорт түрлеріне қатысады. Олардың ішінде екі дүркін әлем және Еуропа чемпиондары, халықаралық чемпионаттардың бірнеше дүркін жүлдегерлері бар.
Команданың басым бөлігін «Қазақ күресі» Грузия федерациясының балуандары құрайды.
«Қазақ күресі» федерациясының президенті, Грузияның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Гиорги Читашвилидің айтуынша, көптеген дәстүрлі күрес түрлерінің синтезінің нәтижесі болып табылатын қазақ ұлттық күресіне қазіргі уақытта шетелдіктердің қызығушылығының артуы байқалады.