Герасименко Сингапурда 100 рейтингтік ұпай жинады
Сингапурда WTT Singapore Smash 2026 халықаралық турнирі өтуде, деп хабарлайды Sport+.
1/16 финалда Қазақстан құрамасының көшбасшысы Кирилл Герасименко Әлем кубогының екі дүркін иегері, Азияның үш дүркін чемпионы, әлемнің үшінші ракеткасы Линь Шидун (Қытай)мен кездесті.
Тәжірибесі мен жетістігі мол Линь Шидун 3:0 есебімен жеңіске жетіп, 1/8 финалға шықты.
Жалпы, Кирилл Герасименко Сингапурда сәтті өнер көрсетіп, 100 рейтингтік ұпай жинады және төрт сенімді жеңіске қол жеткізді:
Овидиу Ионеску (Румыния) — 3:1,
Маттиас Фальк (Швеция) — 3:1,
Сендрик Нюйтинк (Бельгия) — 3:2,
Том Джарвис (Англия) — 3:0.