Алан Құрманғалиев әлемдік рейтингте жоғарылады
Қазақстандық спортшы Алан Құрманғалиев үздік жас теннисшілердің әлемдік рейтингінде жоғарылады, деп хабарлайды Sport+.
Алан 7-орыннан 6-орынға көтерілді. Оның еншісінде 8515 ұпай бар.
Рейтинг көшбасшысы — жапониялық Сора Мацусима (17 575 ұпай).
Алан соңғы өткен турнирінде екі қола медаль жеңіп алды.