«Генчлербирлиги» – «Бешікташ» матчының тікелей трансляциясы
«Бешікташ» турнирлік кестедегі көшбасшыларды қуып жетуге барынша тырысып жатыр. Алайда «бүркіттердің» бір ойын артық болғанына қарамастан, үшінші орыннан арадағы айырмашылық қазірдің өзінде 11 ұпайды құрайды.
Енді ыстамбұлдық клуб кестеде өзінен төмен тұрған командалармен кездесулерде ұпай жоғалтпай, көшбасшылардың қателесуіне үміт артуы керек. Соңғы турда дәл осындай қателікті «Фенербахче» жіберген болатын.
«Бешікташтың» келесі қарсыласы — өз алаңында жақсы нәтиже көрсетіп жүрген «Генчлербирлиги». Бұл команда бұған дейін өз алаңында «Трабзонспор» мен «Башакшекирді» жеңген.
Матч 15 наурыз күні сағат 22:00–де басталады. Тікелей трансляцияны Sport+ телеарнасынан, сондай-ақ sportplustv.kz сайтынан көруге болады.