«Бенфика» «Арокамен» ойында жеңіліп жатып, үш ұпайды иемденді (видео)
Португалия чемпионатының аясында «Бенфика» қонақта «Ароканы» 2:1 есебімен жеңді.
Алғашқы голды жергілікті команда 7‑минутта Иван Гонсалестің көмегімен соқты.
Дегенмен қонақтар фаворит ретіндегі мәртебесін растап, екі гол салды. Қанжығаларын Ричард Риос пен Франьо Иванович майлады.