logo

Футзалдан Қазақстан U-19 жасөспірімдер құрамасы Өзбекстанға қарсы екі матч өткізеді

Футзалдан Қазақстан U-19 жасөспірімдер құрамасы Өзбекстанға қарсы екі матч өткізеді

Футзалдан 19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасының аға бапкері Василий Смолин мамыр айында өтетін оқу-жаттығу жиынына шақырту алған ойыншылар тізімін жариялады, деп хабарлайды Sport+ ҚФФ ресми сайтына сілтеме жасап.

Оқу-жаттығу жиыны 1-11 мамыр аралығында Түркістан қаласындағы Olympic Center спорт кешенінде өтеді. Жиын аясында Қазақстан құрамасы Өзбекстанға қарсы екі жолдастық кездесу өткізеді деп жоспарланған.

Ойыншылар тізімі:

Қақпашылар: Сұңқар Мұхтаров («Семей»), Адис Ахметов («Қарағанды»), Әмір Рымжанов («Тұлпар»);

Алаңдағы ойыншылар: Ильнар Байқасынов, Владимир Вольман (екеуі де — «Тұлпар»), Заур Гайдаржи, Асанәлі Мұнбаев, Владимир Тихоплав, Тимофей Морозов, Никита Ковылин (барлығы — «Аят»), Серікбол Төлеш («Бәйтерек»), Артур Ерошенков («Қайрат»), Расул Ерболұлы, Жанмұрат Амандосов, Олжас Мейрамұлы, Нияз Алпысбай (барлығы — «Атырау»), Әлібек Торғауыт («Сайран»).

Жаттықтырушылар штабы: Василий Смолин — аға бапкер («Аят»), Жақсылық Әлішбаев — аға бапкердің ассистенті («Каспий»), Сержан Шуманбаев — қақпашылар жаттықтырушысы («Ақтөбе»), Михаил Мылисов — дене даярлығы жаттықтырушысы («Бәйтерек»), Ахмадхон Искандаров — дәрігер, Ойбек Пулатов — массажист, Әлім Қайырлы — менеджер.

Жолдастық матчтардың кестесі:

4 мамыр 17:00. Қазақстан U-19 — Өзбекстан U-19

5 мамыр 14:00. Қазақстан U-19 — Өзбекстан U-19



Күн шежіресі