Футзал: «Семей» элиталық кезеңде қарсыласын жеңді

Футзалдан Чемпиондар лигасының элиталық кезеңінде қазақстандық «Семей» Пальма-де-Майоркада (Испания) D тобындағы екінші кездесуін «Рекорд Бельско-Бяла» (Польша) командасымен өткізді, деп хабарлайды Sport +.
Семейліктер қарсыласын бет қаратпай, 5:0 есебімен ойсырата ұтты.
«Семей» сапында Дедезиньо 6, 14, 34 және 39-минутта төрт голдың авторы атанса, тағы бір допты Габриэл Кандидо (20-минут) соқты.
Осылайша, алғашқы үш ұпайына қол жеткізген бразилиялық маман Дави Мендонсаның шәкірттері соңғы матчын 30 қараша күні словакиялық «Мимел Лученец» командасымен өткізеді.