Футболдан Қазақстан чемпионатының үш матчы Sport+ арнасының тікелей эфирінде

1-2 наурызда Қазақстанда 2025 жылғы маусымның үздігі атағы үшін 14 клуб бақ сынайтын ел чемпионаты басталады.
Бірінші турда телеканал Sport+ телеарнасы үш матчты тікелей эфирде көрсетеді:
1 наурыз, 15:00 — көрермендер Атыраудан тікелей трансляцияны тамашалай алады. Жергілікті клуб жаңа бас бапкер Константин Горовенконың жетекшілігімен Андрей Карпович жаттықтыратын «Елімайды» қабылдайды.
2 наурыз, 15:00 — Қызылордада алаң иелері «Қайсар» мен өткен жылғы Лига Кубогының финалисі «Жеңіс» кездеседі. Қызылордалық клуб осы маусымда легионерлерден бас тартқан.
Осы ойыннан кейін бірден Sport+ эфирінде «Қызылжар» — «Жетісу» матчы өтеді. Қос команда да бас бапкерлерін ауыстырды — петропавлдықтарды белоруссиялық маман Александр Бразевич, ал талдықорғандықтарды қазақ футболының аңызы Самат Смақов жаттықтырады.
Матчтарды тек телеканалдан ғана емес, sportplustv.kz сайтынан да көруге болады.