logo

Финалдық жолдама үшін өтетін миландық дерби. «Интер» - «Милан» матчын қайдан көреміз?

Финалдық жолдама үшін өтетін миландық дерби. «Интер» - «Милан» матчын қайдан көреміз?

Италияның ең атақты екі клубы — «Интер» мен «Милан» Италия кубогының жауапты матчында кездеседі.

«Derby della Madonnina» Италиядағы маңыздылығы бойынша екінші турнирдің жартылай финалында өтеді. Бұл командалар арасындағы алғашқы матч 3 сәуірде өтіп, 1:1 есебімен тең аяқталған. «Милан» сапынан гол авторы — Тэмми Абрахам, ал «Интер» үшін Хакан Чалханоғлу көзге түсті.

Биылғы маусымда бұл екі команда кубок ойынынан бөлек үш матч өткізіп үлгерді:

5-турда «Милан» әлі де Фонсека бапкерлігімен «Интерді» 2:1 есебімен жеңді, гол авторлары — Кристиан Пулишич пен Маттео Габбья. «Интер» тарапынан Федерико Димарко гол соқты.

Кейін командалар қаңтарда Сауд Арабиясында өткен Италия Суперкубогының финалында кездесті. «Миланның» жаңа бапкері Сержиу Консейсау Симоне Индзагидің шәкірттерін 3:2 есебімен жеңді. Жеңімпаз командадан Тео Эрнандес, Кристиан Пулишич және Тэмми Абрахам гол соқты, ал жеңілгендерден — Лаутаро Мартинес пен Мехди Тареми.

«Интер» Серия А-да қарымта қайтаруға тырысқанымен, 23-тур аясында «Миланмен» тең ойнады. Стефан Де Врей ысқырықтан кейінгі 3-минутта гол соғып, Тиджани Рейндерстің дәл соққысына жауап қайтарды.

Ал енді кезекті кездесу, бұл жолы тең есеп болмайды. Бүгін Миланда финалға шығатын жалғыз жеңімпаз анықталады.

Матчтың басталуы — 00:00. Ойынды тікелей эфирде Sport+ телеарнасынан және sporplustv.kz сайтынан көруге болады.