Еурокубок жолындағы «Фамаликан»: «Портуға» қарсы матчтың трансляциясы

Еурокубок жолындағы «Фамаликан»: «Портуға» қарсы матчтың трансляциясы

«Фамаликан» еурокубок жолындағы күресін жалғастырып жатыр — команда 4-орыннан небәрі 1 ұпайға ғана қалып келеді.

Алайда олардың жолында чемпионат көшбасшысы «Порту» тұр. Олар чемпиондықты жеңіп алуға барын салып жатыр, ал Фариоллидің шәкірттері де берілуге ниетті емес.

Осы маусымда командалар екі рет кездескен, екі матч та «айдаһарлардың» жеңісімен аяқталды — чемпионатта 1:0, ал Португалия Кубогында 4:1.

Кезекті кездесу 4 сәуірден 5 сәуірге қараған түні, сағат 00:30–да өтеді. Тікелей трансляция Sport+ телеарнасында және sportplustv.kz сайтында көрсетіледі.



Күн шежіресі