«Ертіс» футбол клубына жаңа басшы келді

«Ертіс» футбол клубының жаңа директоры таныстырылды, деп хабарлайды Sport+ павлодарлық клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Павлодарлық «Ертіс» футбол клубының директоры қызметіне Төлеген Қаржаспаев тағайындалды.
Төлеген Маратұлы — тәжірибелі павлодарлық маман, өңіріміздегі спорттық ұйымдарда түрлі лауазымдарда жұмыс істеген. Осы уақытқа дейін «Ертіс» хоккей клубының басшысы болып қызмет атқарған.