Елена Рыбакина тарихқа енді

Елена Рыбакина тарихқа енді

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина тарихи жетістікке жетті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Әлемнің үшінші ракеткасы «Үлкен дулыға» турнирінде, сонымен қатар сериялық жарыстарда: WTA 250, 500 және 1000 жекелей сында жеңіске жеткен Қазақстанның бірінші өкілі болды.

Әйелдер теннисіндегі барлық мүмкін титулдарды жеңіп алу үшін Рыбакинаға WTA финалдық турниріндегі және Олимпиададағы жеңісі жетіспейді.