logo

Екі қазақстандық FURY FC лигасымен келісімшартқа отырды

Екі қазақстандық FURY FC лигасымен келісімшартқа отырды

Қазақстандық жауынгерлер Болат Заманбеков (6-1) пен Нұрболат Әбу (9-1) американдық FURY FC лигасымен 4 жекпе-жекке қол қойды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Американдық лига 2006 жылдан бері жұмыс істейді, АҚШ аумағында олар 128 іс-шара өткізді.

Заманбеков пен Әбу құрамында UFC жауынгерлері Шавкат Рахмонов пен Асу Алмабаев кіретін DARK Team командасының өкілдері болып табылады. Қос жауынгер де мансабының көп бөлігін NAIZA лигасында өткізді.



Күн шежіресі