logo

Дастан Сатпаев «Қайратқа» жеңіс сыйлады (видео)

Дастан Сатпаев «Қайратқа» жеңіс сыйлады (видео)

Петропавлда Қазақстан Премьер-лигасының 25-туры аясында «Қызылжар» мен алматылық «Қайрат» арасындағы матч аяқталды, деп хабарлайды Sport+.

Кездесу қонақтардың жеңісімен аяқталды. Есеп 0:1. Жалғыз голды шабуылшы Дастан Сатпаев ойынның 42-минутында соқты.

Бұл жеңістің арқасында Рафаэль Уразбахтиннің командасы турнир кестесінде екінші орында тұрған «Астанадан» ұпай айырмасын беске жеткізді. 19 қазанда елордалық клуб өз алаңында «Ақтөбемен» кездеседі.