Дастан Сатпаев Чемпионшипте дебют жасады
Қазақстандық шабуылшы Дастан Сатпаев Чемпионшипте өнер көрсететін «Бернли» сапындағы алғашқы матчын өткізді, деп хабарлайды Sport+.
18 жастағы футболшы Чемпионшиптің екінші турында «Вест Бромвичке» қарсы кездесуді қосалқы құрамда бастады да, 57-минутта алаңға шықты. Осылайша, Сатпаев «Бернли» сапындағы алғашқы ресми матчын өткізді.
Бұған дейін қазақстандық футболшы 2:2 есебімен аяқталған бірінші турдағы «Вест Хэмге» қарсы матчқа өтінімге енбеген еді. «Вест Бромвичке» қарсы кездесу «Хоторнс» стадионында өтіп жатыр.
Материал жарияланған сәтте «Вест Бромвич» 2:1 есебімен алда келеді. Сатпаев үшін бұл «Челсиден» «Бернлиге» жалға ауысқаннан кейін алаңға алғаш рет ресми түрде шығуы болды.