logo

Дастан Амангелдіге UFC лигасынан ұсыныс түскен

Дастан Амангелдіге  UFC лигасынан ұсыныс түскен

Naiza FC лигасының президенті Нұрбек Қарабаланың айтуынша, жеңіл салмақтағы қазақстандық файтер Дастан Амангелдіге (8-1) әлемнің ең мықты ММА-промоушені UFC лигасының алдыңғы жекпе жектерінде шығуға ұсыныстар түскен, деп хабарлайды Sport+

Дастанмен сөйлестім, Абу-Дабиде турнир болғанда басқа спортшының орнына шығуына ұсыныс түскен екен. Менің түсінгенім, ұсыныс Саяттан [Абдрахманов] болған. Уақыт тығыз болып, салмақ қуып үлгермеген — деді Қарабала Naizadai подкастында.

Дастан Амангелді соңғы рет былтыр қараша айында Naiza FC 69 турнирінде жұдырықтасып, ресейлік Вячеслав Свищевті (13-5) жеңген.