logo

Биатлоннан Әлем кубогының кезеңі: әйелдер эстафетасында кімдер бақ сынайды

Биатлоннан Әлем кубогының кезеңі: әйелдер эстафетасында кімдер бақ сынайды

14 қаңтарда Германияның Рупольдинг қаласында биатлоннан Әлем кубогының кезеңі басталады, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Бірінші жарыс күні әйелдер арасындағы 4×6 шақырымдық эстафеталық жарыс өтеді.

Қазақстан атынан Милана Генева, Полина Егорова, Дарья Климина және Алина Скрипкина жарыс жолына шығады.

Жарысқа барлығы 19 команда қатысады. Басталуы — Астана уақытымен 18:30–да.



Күн шежіресі