logo

Белгілі итальяндық маман Қазақстан құрамасының бас бапкері болудан бас тартты

Белгілі итальяндық маман Қазақстан құрамасының бас бапкері болудан бас тартты

«Алтын доп» иегері, италиялық маман Фабио Каннаваро Қазақстан және Өзбекстан құрамаларын жаттықтырудан бас тартты, деп хабарлайды Sport+.

52-жастағы Фабио Каннавароға жақын дереккөздің хабарлауынша, 2006 жылғы әлем чемпионы бірінен соң бірі Қазақстан және Өзбекстан құрамаларын басқарудан бас тартқан.

2006 жылғы «Алтын доп» иегері жазғы трансферлік кезеңде Апеннин түбегінде сұранысқа ие болмағандықтан, маусым барысында жұмыс істеп жүрген бапкерлердің біреуі отставкаға кеткен жағдайда, Италия клубтарының бірінен жұмыс алуға үміттеніп отыр.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан және Өзбекстан БАҚ-тарында атақты бапкер қос құраманың басшыларымен келіссөз жүргізіп жатқаны туралы ақпарат тараған болатын.