Беларусь құрамасының футболшысы «Каспийге» ауысты

Беларусь құрамасының футболшысы «Каспийге» ауысты

«Каспий» клубы 28 жастағы беларусьтік жартылай қорғаушы Павел Седькомен келісімшартқа қол қойғанын жариялады, деп хабарлайды Sport+ Ақтау клубының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Павел Седько — Брест футбол мектебінің түлегі. Кәсіби мансабында Брест пен Минск қалаларының «Динамо» клубтарында, бресттік «Рух», «Гомель», жодинолық «Торпедо-БелАЗ» командаларында, сондай-ақ Ресейдің Бірінші лигасында өнер көрсететін мәскеулік «Торпедо» клубында ойнаған.

Седьконың соңғы клубы павлодарлық «Ертіс» болды. Ол биылғы маусымда команда сапында 14 матч өткізіп, 2 гол соғып, 1 нәтижелі пас берген.