Азия ойындарына қатысатын Қазақстан құрамасының жүзуден құрамы анықталды
Қазақстанның жүзуден ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Осинский ҰОК баспасөз қызметіне берген сұхбатында Жапонияда өтетін Азия ойындарына қатысатын команда құрамын жариялады, деп хабарлайды Sport+.
«Ұлттық құраманың Азия ойындарына арналған құрамы жасақталды. Команда сапына он спортшы енді: Әділбек Мусин, Глеб Коваленя, Ксения Игнатова, Айбат Мырзамұратов, Максим Сказобцев, Максим Клименко, София Абубакирова, Софья Сподаренко, Фёдор Диденко және Александр Румынский.
Команданы жасақтау кезінде жыл басында бекітілген іріктеу талаптарын басшылыққа алдық. Негізгі критерий World Aquatics ұпайлары бойынша жүзушілердің рейтингі болды. Осы рейтинг негізінде Жапонияда ел намысын қорғайтын он спортшы анықталды», — деді Станислав Осинский.