«Атырау» ганалық жартылай қорғаушыны қатарына қосты

25-жасар ганалық жартылай қорғаушы Абдул Рашид Абубакар «Атырау» футбол клубының кезекті жаңа ойыншысы атанды, деп хабарлайды Sport+.
Мансабын өз еліндегі «Аккра Лайонс» клубында бастаған Рашид кейіннен қытайлық «Хэйлунцзян», босниялық «Сараево», сербиялық «Лозница», ливиялық «Әл-Суқур», омандық «Бахла Клуб», молдовалық «Спартаний» және қазақстандық «Ордабасы» (Шымкент) сапында өнер көрсеткен.
Абдул Рашид Абубакар өтіп жатқан Қазақстан чемпионаты аясында 9 матч өткізді.