«Астана» жеңіссіз сериясын тоқтатты

«Астана» баскетбол клубы «Самара» клубын жеңіп, 2024/2025 маусымда алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Sport+.
Матч есебі 75:67.
Жинаған ұпайлары бойынша «Астана» көшбасшысы Григорий Мотовилов (23 ұпай) атанды. Қазақстандықтардың ішінде 11 ұпай жинаған Рустам Мурзағалиев ең нәтижелі болды.