«Астана» «Алтайды» ірі есеппен жеңді (видео)
Қазақстан Премьер-лигасының 19-туры аясында елордалық «Астана» өз алаңында «Алтайды» 4:1 есебімен ойсырата жеңді, деп хабарлайды Sport+.
Кездесудің 8-минутында Бауыржан Исламхан есеп ашып, алаң иелерін алға шығарды. Алайда араға төрт минут салып Ибрахим Дадаев таразы басын теңестірді. Бірінші тайм аяқталмай тұрып Марин Томасов мергендік танытып, «Астананы» қайтадан алға шығарды.
Екінші таймда елордалық клуб басымдығын арттыра түсті. 60-минутта Рамазан Каримов гол соғып, есепті 3:1-ге жеткізсе, екі минуттан кейін Станислав Басманов матчтың қорытынды есебін белгіледі — 4:1.