Анастасия Городко Қазақстандағы дайындық барысындағы басты мәселе жайлы айтты

2021 және 2025 жылдары параллель могулдан өткен әлем чемпионатының қос қола жүлдегері, 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының қатысушысы Анастасия Городко Sport+ арнасына берген сұхбатында Қазақстандағы дайындық барысындағы басты мәселемен бөлісті:
«Қазақстандағы қар маусымы жарыс маусымымен тұспа-тұс келеді, ал жарыстар аяқталған соң, елде қар да еріп кетеді. Арнайы дайындыққа арналған тұрақты орындар жоқ. Біз Шымбұлақта оқу-жаттығу жиындарын өткіземіз, бірақ бұл жылына бір, әрі кетсе екі рет қана болады. Бұл — шеберлікті шыңдау үшін өте аз», — деді Городко.
Толық сұхбатты төмендегі плеерден көруге болады.