Алматыда Бәйге чемпионатының жетінші кезеңі өтті

Алматыда ұлттық спорттың үздік шабандоздарын анықтайтын айтулы дода өтті — OLIMPBET қолдауымен Қазақстан чемпионатының жетінші кезеңі жоғары деңгейде ұйымдастырылды, деп хабарлайды Sport+.
Бәйгенің бұл кезеңінде еліміздің әр өңірінен келген сайыпқырандар бақ сынап, жарыс көрермендерге тартысты сәттер сыйлады. Нәтижесінде өз шеберліктерімен дара шыққан шабандоздар келесідей аталды:
Арнұр Саматұлы — Құнан бәйге жеңімпазы
Мерей Ғариппулин — Топ бәйге жеңімпазы
Арнат Мұратхан — Үшқыр бәйге жеңімпазы
Айсұлтан Саматұлы — Құнан бәйге (қос бәйге) жеңімпазы
Мерей Ғариппулин — Аламан бәйге жеңімпазы
Жарыс қорытындысы бойынша шабандоздардың жоғары дайындық деңгейі мен бәйге мәдениетінің дамып келе жатқаны тағы бір дәлелденді.