Айбек Оралбай бокстан Әлем кубогы кезеңінде Қазақстан құрамасының қоржынына сегізінші алтын медальді салды

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының капитаны Айбек Оралбай елімізде өтіп жатқан Әлем кубогының финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Отандасымыз 90 келіден жоғары салмақтың ақтық сынында Германия өкілі Никита Путиловпен өзара мықтыны анықтады.
Айбек Оралбай жекпе-жек барысында жоғары деңгейдегі бокс үлгісін көрсетті. Нәтижесінде төрешілердің шешімімен айқын басымдықпен жеңіске жетті.
Осылайша, Қазақстан құрамасы Әлем кубогы кезеңінде 8 алтын, 4 күміс медаль жеңіп алды.
Назым Қызайбай (48 келіге дейін), Махмұд Сабырхан (55 келіге дейін), Бекзад Нұрдәулетов (85 келіге дейін), Виктория Графеева (60 келіге дейін), Наталья Богданова (70 келіге дейін), Санжар Тәшкенбай (50 келіге дейін), Сабыржан Аққалықов (75 келіге дейін) және Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) чемпион атанса, Нұрбек Оралбай (80 келіге дейін), Алуа Балқыбекова (51 келіге дейін), Надежда Рябец (75 келіге дейін), Елдана Тәліпова (80 келіден жоғары) күміс медаль еншіледі.