Жайна Шекербекова әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты

Жайна Шекербекованың қарсыласы Бекера Монтесинос Сербияда өтіп жатқан әлем чемпионатының 1/16 финалында қазақстандық боксшымен жекпе-жекке шығудан бас тартты, деп хабарлайды sport+ Бокс федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Осылайша, Шекербекова 54 кг дейінгі салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионатының 1/8 финалына өтті.
Келесі айналымда Жайна мексикалық Хил Алонсо Ариаднамен кездеседі.