Виктория Графеева әлем чемпионатының 1/8 финалында (видео)

Қазахстандық боксшы Виктория Графеева 2025 жылғы бокстан әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты, деп хабарлайды Sport+.
Виктория Ливерпульде өткен 1/16 финалдағы алғашқы жекпе-жегінде Косоводан келген Доньета Садикуді 3:2 есебімен жеңді.
Ширек финалға шығу үшін Виктория Графеева ринг иесі — ағылшындық Люси Кингс-Уитлимен кездеседі.