logo

Виктор Темиров WBF чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізеді

Виктор Темиров WBF чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізеді

BoxRec сайты қазақстандық боксшы Виктор Темировтың (9–0, 6 КО) келесі жекпе-жегі туралы ақпарат жариялады.

Оның жаңа қарсыласы — неміс боксшысы Доменик Арнольд (5–0, 2 КО). 7 ақпан күні өтетін бұл жекпе-жекте орта салмақтағы WBF чемпиондық белбеуі сарапқа салынады.

Темиров соңғы жекпе-жегін қыркүйек айында Алматы қаласында өткізіп, Үндістан өкілі Сантош Баралиді жеңген болатын.



Күн шежіресі