Үстел теннисі: Жеке біріншілікте Қазақстан чемпионатының ширек финалистері анықталды
Алматыда өтіп жатқан үстел теннисінен Қазақстан чемпионатында жекелей сындағы ширек финалға шыққан жұптар анықталды.
Енді олар жүлделі орындар үшін күресті жалғастырады.
Ширек финал жұптары:
Ерлер:
Кирилл Герасименко (Астана) — Владислав Захаров (Қарағанды облысы).
Абдулла Мамай (Алматы) — Айдос Кенжигулов (Алматы).
Санжар Жубанов (Алматы) — Искендер Харки (Жамбыл облысы).
Сергей Коновалов (Шығыс Қазақстан облысы) — Алан Курмангалиев (Қарағанды облысы).
Әйелдер:
Зауреш Акашева (Қарағанды облысы) — Гузель Торшаева (Алматы).
Алина Дубровская (Қостанай облысы) — Анель Бақыт (Алматы).
Жанерке Кошкумбаева (Қарағанды облысы) — Альбина Жақсылықова (Қарағанды облысы).
Алиса Цвигун (Астана) — Сарвиноз Миркадирова (Алматы).
Үстел теннисінен Қазақстан чемпионатының тікелей көрсетілімін Sport+ телеарнасы ұсынады. Сондай-ақ тікелей эфирлер sportplustv.kz сайтында және YouTube-тегі sportplus_qaz арнасында қолжетімді.