logo

Үш қазақстандық сәйгүлік сынға түседі: Дубайдағы шешуші жарыстардың тікелей эфирі

Үш қазақстандық сәйгүлік сынға түседі: Дубайдағы шешуші жарыстардың тікелей эфирі

21 ақпанда Дубайдағы Мейдан ипподромында маусымның ең маңызды бәйгелері өтеді.

Бұл жарыс күні:

UAE Oaks және Balanchine Stakes – маусымдағы басты бәйгелердің бірі

Al Bastakiya Stakes – Дербиге қатысуға үміткерлердің жарысы өтеді

Қазақстандық жанкүйерлер үшін ең маңызды бәйгелердің бірі – UAE Oaks Presented by DP World, мұнда басты фавориттер Куин Ацтека мен Аригато Гозаймасуға қарсы Марат Күшеровтың Салсабил Принцессі жарысады.

Сонымен қатар, 2000 метрлік құмды гандикапта үш жастан асқан сәйгүліктер бақ сынайды:

Труф Эксплейнд (Ардақ Сәрсекеева және Бахтияр Байзақов) – шабандоз Мырзабек Қаппушев

Ган Крю (Ардақ Әмірқұлов және Шамиль Курбанов)

Екі аттың да жеңіске жету мүмкіндігі жоғары. Бәйгені Sport+ телеарнасының тікелей эфирінен және sportplustv.kz сайтынан тамашалаңыз. Трансляцияның басталуы 18:30-да. 



Күн шежіресі