Үш қазақстандық боксшы Странджа кубогының екінші айналымына өтті

Болгарияда басталған Странджа кубогында, яғни «шағын әлем чемпионаты» саналатын турнирдің алғашқы жарыс күнінде төрт қазақстандық спортшы рингке шығуы керек еді, деп хабарлайды Sport+.
Серік Теміржанов (60 кг) және Төрехан Сабырхан (67 кг) қарсыластары жекпе-жектен бас тартқандықтан, автоматты түрде екінші айналымға өтті.
Санатәли Төлтаев болгариялық қарсыласын 5:0 есебімен сенімді жеңді.
Ал Дәулет Молдашев (57 кг) алғашқы айналымда Әзербайжан спортшысына жол беріп, жарысты аяқтады.