logo

Төрехан, Графеева, Рябец және Жексен Әлем чемпионатындағы алғашқы жекпе-жектерін өткізеді. Әлем чемпионатының Ливерпулде өтіп жатқан үшінші күніндегі тікелей эфир

Төрехан, Графеева, Рябец және Жексен Әлем чемпионатындағы алғашқы жекпе-жектерін өткізеді. Әлем чемпионатының Ливерпулде өтіп жатқан үшінші күніндегі тікелей эфир

Ливерпульде өтіп жатқан Әлем чемпионаты жалғасуда. Қазіргі уақытта Қазақстан құрамасы тек бір ғана жеңіліске ұшырады. Өкінішке қарай, Элина Базарова жарысты аяқтады, алайда Әлия Әбікеева мен Карина Ибрагимова 1/8 финалға жолдама алды.

Бүгін рингке нәзік жандыларымыздың тағы екі өкілі шығады — Виктория Графеева (60 кг) және Надежда Рябец (75 кг).

Екі қазақстандық спортшы да кешкі сессияда жұдырықтасады. Виктория Косово елінің спортшысы Донета Садикумен кездессе, Надежда Қытайлық Лина Уангпен күш сынасады.

Күндізгі сессияда Әлем чемпионатындағы жорығын Төрехан Сабырхан бастайды. Ол рингте Алжирлік Ислам Ячимен жұдырықтасады.

Кешке ерлер құрамасының тағы бір өкілі — Бибарыс Жексен өнер көрсетеді. 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде оның қарсыласы — филиппиндік Джунмилардо Огаири болады.

Күндізгі сессия сағат 15:00-де басталады, ал кешкі сессия – 22:00-де. Тікелей трансляция Sport+ телеарнасында, сондай-ақ sportplustv.kz сайтында қолжетімді болады.



Күн шежіресі