logo

Теннисші Елена Рыбакина АҚШ-тағы турнирдің ширек финалына шығу үшін күреседі

Теннисші Елена Рыбакина АҚШ-тағы турнирдің ширек финалына шығу үшін күреседі

Әлемнің жетінші ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің төртінші айналымына шықты, деп хабарлайды Sport+.

Қазақстандық теннисші әлемнің 38-ракеткасы, Ұлыбритания өкілі Кэти Бултерді 6:0, 7:5 есебімен жеңді. Кездесу 1 сағат 16 минутқа созылды.

Елена алты рет эйс жасап, екі қос қате жіберді және сегіз брейк-пойнттың төртеуін сәтті орындады.

Ширек финалға шығу үшін Рыбакина әлемнің 11-ракеткасы Мирра Андреевамен кездеседі. Қазақстандық спортшы ресейлік қарсыласымен үш апта бұрын Дубайдағы «Мыңдық» турнирінің жартылай финалында ойнап, тартысты матчта жеңіліс тапқан еді.