Тау шаңғысы: Александра Скороходова Италиядағы турнирде алтын медаль жеңіп алды
Қазақстандық спортшы Александра Скороходова тау шаңғысынан Италияның Поцце-ди-Фассе қаласында өткен FIS аясындағы халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Отандасымыз әйелдер арасында слалом сайысында алтын медаль жеңіп алды.
Скороходова 01:39.67 уақыт көрсеткішімен мәреге жетті.
Испаниялық Джун Гаритано Итурбе екінші орынды иеленсе, үздік үштікті АҚШ өкілі Эмма Гуггенхаймер түйіндеді.